Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының қызметшілері арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға ішкі конкурс жариялау туралы хабарландыру

10 мамыр 2018 жыл

Ішкі конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптары:

D-О-2 санаты үшін:

жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сай болуы тиіс

1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе     А-4, B-4, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-4, B-4, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған немесе ғылыми дәрежесі болған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;

 

Ішкі конкурс ҚР ӘМ 2017 жылғы 27 наурыздағы №14939 тіркелген, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидалары негізінде өткізіледі.

 

 

 

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

 

min

max

D-О-2

163 166

220 681

 

«Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы» КММ, 050001, Алматы қаласы, Республика алаңы, 4, анықтама үшін телефон/факс 272-02-87, 271-67-28 e-mail: uvp@almaty.gov.kz, конкурс жариялайды:

Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары (негізгі қызметкердің бала күтімі демалысынан шыққанға дейін (ақпан 2021 жыл)), D-О-2 санаты (1 бірлік).

Функционалдық міндеттер: Басқарманың қаладағы және аудандық аумақтық бөлімдерінің жұмысын өз құзіреттілігі шегінде ұйымдастыру, ақпараттық саясат және БАҚ мониторингі бөліміне және аудандық аумақтық бөлімдеріне   өз құзіреттілігі шегінде жетекшілік  ету, басқарма басшысына жобалардың жұмыс жоспарларын дайындау және олардың орындалуын қадағалау; өз қарамағындағы жобаларға байланысты баяндамалар және алғы сөзді дайындау; жоғарғы органдардың құжаттарын уақытылы орындалуын қадағалау; қаланың және аудандардың әкім аппараттарымен, қалалық қызметтің басшылығымен жұмыс жасау, басқармалармен және комитет басшыларымен жұмыс аясында қарым-қатынас орнату, «Қазақстан-2050» Стратегиясын насихаттау және түсіндіру жұмыстарымен қамтамасыз ету, Ел басының жыл сайынғы жолдауы, ақпараттық-аналитикалық бағытта жасалатын реформаларға түсіндіру жұмыстарын жасау, қоғамдық-саяси жағдайларды болжау және қала тұрғындарымен тығыз байланыста жұмыс жасау (тұрғындармен кездесулер ұйымдастыру), ұлттық идеология аясында тәжірибелік шаралар ұыйымдастыру, мемлекеттік рәміздерді насихаттау жұмыстарын жүргізу, аудан әкімдерінің орныдалған идеологиялық жұмыстарына жүйелік индификаторға сәйкес талдау жасау; әлеуметтік орталықтармен және басқада қоғамдық пікірді бақылайтын мекемелермен қарым-қатынас орнату, қала бойынша өткізілетін ақпараттық-насихаттық жұмыстарды бақылау, қоғамдық маңызды іс-шаралардың дайындығына қатысу, Алматы қаласы әкіміне, ҚР Президенті Әкімшілігіне, ҚР Премьер-министрінің кеңсесіне тоқсан сайын реформалар, «Қазақстан-2050» Стратегиясы, Ел басының жыл сайынғы жолдауы және басқада мемлекеттік бағдарламалық құжаттар бойынша жасалған насихаттық жұмыстардың ақпараты бойынша жинақтық есеп беру; мемлекеттiк рәмiздердi ретке келтiру бойынша тұрақты рейдтер ұйымдастыру, бөлімдер арасында тәжірибе алмасу үшін семинар және жиналыстар ұйымдастыру, азаматтардан келіп түскен өтініштерді қадағалау; басқару ережесіне сай басқада қызметтерді атқару; Мемлекеттік тілді меңгеру; Құжаттардың «Мемлекеттік тіл туралы» Заңымен сәйкес келуін қадағалау.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Гуманитарлық ғылымдар (философия, халықаралық қатынастар, тарих, филология, аударма ісі, шығыстану) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (әлеуметтану, саясаттану, психология, журналистика, аймақтану, экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, статистика, әлемдік экономика, қоғамдық байланыс, мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету, еңбекті ұйымдастыру және нормалау) немесе құқық саласы (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі) немесе білім беру саласындағы (педагогика және психология, бастапқы әскери дайындық, дене шынықтыру және спорт, математика, тарих, құқық және экономика негіздері, география, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, шетел тілі: екі шетел тілі) немесе жаратылыстану саласындағы (математика, информатика, география) немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер) немесе қызмет көрсету саласындағы (туризм, әлеуметтік жұмыс) немесе өнер саласындағы (баспа ісі, арт-менеджмент) жоғары білім.

 

Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  1. белгіленген нысан бойынша өтініш (қоса беріліп отыр);
  2. тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік отыз күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттарды қабылдау мерзімі үш жұмыс күннің ішінде конкурс өткізу туралы хабарландырудың соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасына тапсырылуы тиіс.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәлеметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзгеде олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәлеметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының (Алматы қаласы, Республика алаңы, 4) ғимаратында өтеді.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдар Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасына құжаттарын қолма-қол тәртіпте, пошта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электрондық Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының электрондық поштасы не "Е-gov" электрондық үкімет порталы немесе "е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлғаны конкурс комиссиясы әңгімелесуден өтуге жібермейді.

Конкурстық комиссия жұмысының айқындылығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін отырысқа байқаушылардың қатысуына жол беріледі.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлға персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Конкурстық комиссия тарапынан заңсыз фактілер анықталған жағдайда конкурс кандидаттары мен қатысушылары Алматы қаласы, Сейфуллин даңғылы, 555 мекенжайында орналасқан Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментіне 254-90-26, 254-90-20 байланыс телефондары арқылы шағымдануға құқылы.

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына   
орналасуға конкурс өткізу 
қағидаларына 2-қосымша 

 

 

 

 

 

                  ____________________________________
                                                  (мемлекеттік орган)

 

 

Өтініш

 

      Мені ______________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
___________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу
конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

      Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

      Қоса берілген құжаттар:

________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
      Мекенжайы және байланыс телефоны _________________________________________
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

_________________                                          ____________________________________
                   қолы                                                                                       (Т.А.Ә. (болған жағдайда)

 

«___»_______________ 20 __ ж.