Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының қызметшілері арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға ішкі конкурс жариялау туралы хабарландыру

7 маусым 2018 жыл

Ішкі конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптары:

D-О-3 санаты үшін:

жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сай болуы тиіс

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

 

Ішкі конкурс ҚР ӘМ 2017 жылғы 27 наурыздағы №14939 тіркелген, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидалары негізінде өткізіледі.

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

 

min

max

D-О-3

109 898

148 301

 

«Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы» КММ, 050001, Алматы қаласы, Республика алаңы, 4, анықтама үшін телефон/факс 272-02-87, 271-67-28 e-mail: uvp@almaty.gov.kz, конкурс жариялайды:

Ақпараттық саясат және БАҚ мониторингі бөлімінің басшысы,D-О-3 санаты (1 бірлік).

Функционалдық міндеттер: Бөлім қызметіне басшылық жасайды, жасалатын жұмыс стратегиясын құру, ағымдағы және болашақтағы жоспарларды жасау; ақпараттық саясатты жүзеге асыру, қалалық БАҚ-ның мемлекеттік тапсырыстарының орындалуын қадағалау; қоғамдық-саяси сұрақтар бойынша және қаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайы жөнінде БАҚ-ның жұмыс істеуін қадағалау; қалалық БАҚ әкімшілік бағдарламаларының қаржыландыруын бақылау; БАҚ-да қала қызметі жайындағы сұрақтар бойынша ақпараттың жариялануын қамтамасыз ету; жоғарғы органның тапсырысы бойынша насихаттық топтардың жұмысын ұйымдастыру; БАҚ басшылығымен БАҚ немесе Агенттікті есепке алу немесе есептен шығару бойынша консультативті-түсіндірмелі жұмыстар жүргізу, бөлімнің жылдық стратегиялық жұмысының орындалуын қадағалау; «Қазақстан-2050» Стратегиясының орындалуы бойынша материалдарды жинау және талдау жасау; атқаратын қызметіне қарай мемлекеттік және басқада ұйымдармен хат алмасу; мемлекеттік тілді меңгеру.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Гуманитарлық ғылымдар (философия, халықаралық қатынастар, аударма ісі) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (әлеуметтану, саясаттану, психология, журналистика, аймақтану, экономика, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, әлемдік экономика, қоғамдық байланыс) немесе құқық саласы (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі) немесе білім беру саласындағы (құқық және экономика негіздері) немесе өнер саласындағы (баспа ісі) жоғары білім.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  1. белгіленген нысан бойынша өтініш (қоса беріліп отыр);
  2. тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік отыз күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттарды қабылдау мерзімі 3 жұмыс күннің ішінде конкурс өткізу туралы хабарландырудың соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасына тапсырылуы тиіс.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзгеде олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасында (Алматы қаласы, Республика алаңы, 4, 508 бөлмеде)өтеді.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдар Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасына құжаттарын қолма-қол тәртіпте, пошта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электрондық Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының электрондық поштасы не "Е-gov" электрондық үкімет порталы немесе "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлғаны конкурс комиссиясы әңгімелесуден өтуге жібермейді.

Конкурстық комиссия жұмысының айқындылығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін отырысқа байқаушылардың қатысуына жол беріледі.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлға персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, көрсетілген ұйымдарға тиесілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Конкурстық комиссия тарапынан заңсыз фактілер анықталған жағдайда конкурс кандидаттары мен қатысушылары Алматы қаласы, Сейфуллин даңғылы, 555 мекенжайында орналасқан Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментіне 254-90-26, 254-90-20 байланыс телефондары арқылы шағымдануға құқылы.

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына   
орналасуға конкурс өткізу 
қағидаларына 2-қосымша 

 

 

 

 

 

                  ____________________________________
                                                  (мемлекеттік орган)

 

 

Өтініш

 

      Мені ______________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
___________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу
конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

      Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

      Қоса берілген құжаттар:

________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
      Мекенжайы және байланыс телефоны _________________________________________
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

_________________                                          ____________________________________
                   қолы                                                       (Т.А.Ә. (болған жағдайда)

 

«___»_______________ 20 __ ж.