Алматы қаласының Ішкі саясат басқармасының «Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі

18 шiлде 2018 жыл

Алматы қаласының Ішкі саясат басқармасының «Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі, 050026, Алматы қаласы, Төле би көшесі, 155 мекенжайында орналасқан Алматы қаласының Ішкі саясат басқармасының «Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі:

  • ақпараттық талдау бөліміне редактор;
  • ақпараттық талдау бөліміне СММ менеджер;
  • техникалық бөлімнің басшысы;
  • техникалық бөлімде жүйе басқарушы;
  • әкімшілік-қаржы бөліміне заңгер;
  • ақпараттық талдау бөліміне талдау маманы;
  • фотограф;
  • видеооператор бос лауазымдық орнындарына конкурс жариялайды.

Мемлекеттік мекеме қызметінің негізгі мәні Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік ақпараттық саясатты өңірлік деңгейде ілгерілету бойынша қызметін қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау болып табылады.

Мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаты мемлекеттік органдардың ақпараттық жұмыстары кооперациясының тиімді тетіктерін құру, бұқаралық ақпарат құралдары  (бұдан әрі-БАҚ) мен жергілікті атқарушы органдардың өзара тиімді іс-қимыл жасауы үшін жағдай жасау болып табылады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: 

  • редактор бос лауазымдық орны бойынша жоғарғы журналистика немесе  филология саласы бойынша білімі, еңбек өтілі талап етілмейді;
  • СММ менеджер бос лауазымдық орны бойынша жоғарғы журналистика, саясаттану, әлеуметтік, экономика және бизнес немесе ақпараттық технологиялар саласы бойынша білімі, еңбек өтілі талап етілмейді;
  • техникалық бөлімнің басшысы бос лауазымдық орны бойынша жоғарғы ақпараттық технологиялар, техника, журналистика немесе экономика және бизнес немесе саласы бойынша білімі, еңбек өтілі 2 жылдан кем емес болу керек;
  • техникалық бөлімнің жүйе басқарушысы бос лауазымдық орны бойынша жоғарғы ақпараттық технологиялар саласы бойынша білімі, еңбек өтілі талап етілмейді;
  • әкімшілік қаржы бөліміне заңгер бос лауазымдық орны бойынша жоғарғы заң саласы бойынша білімі, еңбек өтілі 1 жылдан кем емес болуы керек;
  • Талдау маманы бос лауазымдық орны бойынша жоғарғы журналистика, саясаттану, әлеуметтік, экономика және бизнес немесе ақпараттық технологиялар саласы бойынша білімі, еңбек өтілі талап етілмейді;
  • Фотограф бос лауазымдық орны бойынша жоғарғы немесе арнайы орта білімі, еңбек өтілі талап етілмейді;
  • Видеооператор бос лауазымдық орны бойынша жоғарғы немесе арнайы орта білімі, еңбек өтілі талап етілмейді.

Конкурсқа келесі тұлғалар қатыса алмайды:

1) он сегіз жасқа толмаған;

2) бұрын жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;

3) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес өтелмеген немесе алынып тасталмаған соттылығы;

4) Қазақстан Республикасы заңнамалығында көрсетілген өзге де жағдайлар.

Конкурсқа қатысуға өтініш берген тұлға конкурс туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде мынадай құжаттарды ұсынады:

1) қоса берілген құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысуға өтінім;

2) мемлекеттік және орыс тілінде жазылған түйіндеме (фотосымен қағаз түрінде)

3) ерікті нысанда жазылған өмірбаян;

4) білімі туралы құжаттың көшірмесі;

5) еңбек кітапшасының көшірмесі (егер бар болса) немесе еңбек шарты, болмаса, соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылдау және еңбек шартының тоқтатылуы туралы бұйрықтың көшірмесі;

6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 «Медициналық ұйымдардың алғашқы медициналық құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

7) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

8) сотталған немесе сотталмағандығы туралы анықтама;

Конкурсқа қатысушылар білімі туралы, еңбек өтілі туралы, кәсіби дайындығы деңгейі туралы (біліктілігін көтеру туралы, ғылыми дәрежелері мен атақтары туралы, ғылыми еңбектері туралы, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орны басшылығынан ұсыныстар және т.б. қосымша мәліметтер) мәліметтер ұсынуы мүмкін.

Конкурсқа құжаттарды қабылдау хабарландыру шыққаннан кейін 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде қабылданады.

Конкурстың уақыты мен орны қосымша хабарланады.

Жоғарыда көрсетілген құжаттар Алматы қаласының Ішкі саясат басқармасының «Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қабылданады, мекенжайы Алматы қаласы Төле би көшесі,155 (414 каб), телефон: 8 (727) 278-44-65.