Алматы қаласының Ішкі саясат басқармасының «Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі

13 тамыз 2018 жыл

Алматы қаласының Ішкі саясат басқармасының «Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі, 050026, Алматы қаласы, Төле би көшесі, 155 мекенжайында орналасқан Алматы қаласының Ішкі саясат басқармасының «Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі:

  • Басшының орынбасары;
  • Ақпараттық талдау бөлімінің басшысы - модератор;
  • Кадр инспекторы;
  • Техникалық бөлімде жүйе басқарушы;
  • Ақпараттық-талдау бөлімінің редакторы (орыс тілді);
  • Хатшы-референт;
  • Видеооператор, бос лауазымдық орнындарына конкурс жариялайды.

Мемлекеттік мекеме қызметінің негізгі мәні Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік ақпараттық саясатты өңірлік деңгейде ілгерілету бойынша қызметін қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау болып табылады.

Мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаты мемлекеттік органдардың ақпараттық жұмыстары кооперациясының тиімді тетіктерін құру, бұқаралық ақпарат құралдары  (бұдан әрі-БАҚ) мен жергілікті атқарушы органдардың өзара тиімді іс-қимыл жасауы үшін жағдай жасау болып табылады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: 

  • Басшының орынбасары – жоғарғы кәсіби білімі (саясаттану, заңтану, журналистика, әлеуметтану, филология, дінтану саласы бойынша) және басшылық лауазымда 5 жылдан кем емес еңбек өтілі болуы тиіс;
  • Ақпараттық талдау бөлімінің басшысы – модератор – жоғарғы кәсіби білімі бар (саясаттану, заңтану, журналистика, әлеуметтану, филология, дінтану саласы бойынша) және еңбек өтілі екі жылдан кем емес болуы тиіс;
  • Кадр инспекторы – еңбек өтілінсіз жоғарғы білімді немесе еңбек өтілі бір жылдан кем емес арнайы орта экономикалық немесе заң саласы бойынша білімі болуы тиіс;
  • Техникалық бөлімнің жүйе басқарушысы бос лауазымдық орны бойынша жоғарғы ақпараттық технологиялар саласы бойынша білімі, еңбек өтілі талап етілмейді;
  • Редактор бос лауазымдық орны бойынша жоғарғы журналистика немесе  филология саласы бойынша білімі, еңбек өтілі талап етілмейді. Орыс тілінде сауатты жаза алуы міндетті;
  • Хатшы-референт – жоғары немесе арнайы орта білімі бар, егер орта білім болған жағдайда еңбек өтілі бір жылдан кем емес болуы тиіс, офистік техника (факс, көшірме, сканер, принтер), Microsoft Ofiice (Word, Excel) бағдарламасын, іс жүргізуді білуі керек;
  • Видеооператор бос лауазымдық орны бойынша жоғарғы немесе арнайы орта білімі болу тиіс, еңбек өтілі талап етілмейді.

Конкурсқа келесі тұлғалар қатыса алмайды:

1) он сегіз жасқа толмаған;

2) бұрын жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;

3) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес өтелмеген немесе алынып тасталмаған соттылығы;

4) Қазақстан Республикасы заңнамалығында көрсетілген өзге де жағдайлар.

Конкурсқа қатысуға өтініш берген тұлға конкурс туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде мынадай құжаттарды ұсынады:

1) қоса берілген құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысуға өтінім;

2) мемлекеттік және орыс тілінде жазылған түйіндеме (фотосымен қағаз түрінде)

3) ерікті нысанда жазылған өмірбаян;

4) білімі туралы құжаттың көшірмесі;

5) еңбек кітапшасының көшірмесі (егер бар болса) немесе еңбек шарты, болмаса, соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылдау және еңбек шартының тоқтатылуы туралы бұйрықтың көшірмесі;

6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 «Медициналық ұйымдардың алғашқы медициналық құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

7) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

8) сотталған немесе сотталмағандығы туралы анықтама;

Конкурсқа қатысушылар білімі туралы, еңбек өтілі туралы, кәсіби дайындығы деңгейі туралы (біліктілігін көтеру туралы, ғылыми дәрежелері мен атақтары туралы, ғылыми еңбектері туралы, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орны басшылығынан ұсыныстар және т.б. қосымша мәліметтер) мәліметтер ұсынуы мүмкін.

Конкурсқа құжаттар хабарландыру шыққаннан кейін 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде қабылданады.

Конкурстың уақыты мен орны қосымша хабарланады.

Жоғарыда көрсетілген құжаттар Алматы қаласының Ішкі саясат басқармасының «Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қабылданады, мекенжайы Алматы қаласы Төле би көшесі,155 (414 каб),

телефон: 8 (727) 278-44-65.