Құрметті үкіметтік емес ұйымдардың басшылары мен өкілдері

28 қыркүйек 2018 жыл

Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы 2019 жылғы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жүзеге асырылатын жобалардың тақырыбын және техникалық сипаттамасын қалыптастыру мақсатында ұсыныстар қабылдауды.

Осы ретте, әлеуметтік жобалар бойынша ұсыныстарыңыз болған жағдайда 2018 жылғы 10 қазанға дейін projectsnpo2019@gmail.com электронды поштасына жолдауға болады. Жобаларды қалыптастыру барысында олардың мақсатының Басқарманың қызметіне сай болуын ескерулеріңізді сұраймыз. Жобалар қоса беріліп отырған үлгіге және шығын сметасына сәйкес қалыптастырылуы тиіс.

Келіп түскен барлық ұсыныстар азаматтық қоғам өкілдерімен жан-жақты талқыланып, өзекті деп танылған жобалар ғана жүзеге асыруға қабылданатын болады.

Сұрақтар бойынша 272-20-07 және 271-66-74 телефондарына хабарласуға болады.

СКАЧАТЬ