Алматы қаласы ішкі саясат басқармасының «Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметі» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің бос лауазымдық орнындарына орналасуға конкурс жариялау туралы хабарландыру

8 қазан 2018 жыл

Алматы қаласы ішкі саясат басқармасының «Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметі» мемлекеттік коммуналдық мекемесініңбос лауазымдық орнындарына орналасуға конкурс жариялау туралы хабарландыру

 

08.10.2018 ж.

 

Қазақстан Республикасы, индекс: 050026, Алматы қаласы, Төле би көшесі, 155 үй мекен-жайында орналасқан Алматы қаласы ішкі саясат басқармасының «Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі бос лауазымдық орнындарға орналасуға конкурс жариялайды:

1.Басшының орынбасары;

2. Әкімшілік-қаржы бөлімінің басшысы - бас есепші, негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс аралығына;

3.Ақпараттық - талдау бөлімінің басшысы - модератор;

4. Редактор - модератор (орыс тілді);

5. Заңгер;

6.Жүйе администраторы;

7.Хатшы.

Мемлекеттік мекеме қызметінің негізгі мәні Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік ақпараттық саясатты өңірлік деңгейде ілгерілету бойынша қызметін қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау болып табылады.

Мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаты мемлекеттік органдардың ақпараттық жұмыстары кооперациясының тиімді тетіктерін құру, бұқаралық ақпарат құралдары  мен жергілікті атқарушы органдардың өзара тиімді іс-қимыл жасауы үшін жағдай жасау болып табылады.

 

Конкурсқа қатысушыларға біліктілікке байланысты қойылатын талаптар:

1.Басшының орынбасары (1 бірлік) - жоғары (саясаттану, юриспруденция, журналистика, әлеуметтану, филология, дінтану) білімі және мамандығы бойынша басшы лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілі болуы тиіс.

2.Әкімшілік-қаржы бөлімінің басшысы - бас есепші (1 бірлік) - тиiстi мамандық бойынша жоғары бiлiм және қаржылық бухгалтерлік жұмыс, оның ішінде кемінде басшылық лауазымында 5 жыл жұмыс өтілі болуға тиіс.

3.Ақпараттық - талдау бөлімінің басшысы - модератор (1 бірлік) - жоғары (саясаттану, юриспруденция, журналистика, әлеуметтану, филология, дінтану) білімі және мамандығы бойынша, оның ішінде басқарушы лауазымында жұмыс стажы кемінде 2 жыл болуы тиіс.

4. Редактор - модератор (орыс тілді) (1 бірлік) - жоғары (журналистика немесе филология) білімі, жұмыс стажына талап қойылмайды. 

5. Заңгер (1 бірлік) - жоғары (заңды) білімі және заңгер-консультант лауазымы бойынша жұмыс стажы кемінде 3 жыл болуы тиіс. 

6.Жүйе администраторы (1 бірлік) - тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, 1 жылдан жоғары еңбек стажы немесе орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білімі, тиісті мамандық бойынша кемінде 3 жыл жұмыс стажы болуы керек. 

7.Хатшы (1 бірлік) - тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білім және тиісті мамандық бойынша жұмыс стажы кем дегенде 2 жыл болуы тиіс. 

 

Конкурсқа келесі тұлғалар қатыса алмайды:

1) он сегіз жасқа толмаған;

2) бұрын жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;

3) Қазақстан Республикасы заңнамалығында көрсетілген өзге де жағдайлар.

Үміткер тұлға конкурсты өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде конкурсқа қатысуға мынадай құжаттар ұсынады:

1) қоса берілген құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысуға өтініш;

2) мемлекеттік және орыс тілінде жазылған түйіндеме (фотосуретпен қағаз түрінде);

3) ерікті нысанда жазылған өмірбаян;

4) білімі туралы құжаттың көшірмесі және оның қосымшасы;

5) еңбек кітапшасының көшірмесі (егер бар болса) немесе еңбек шарты, болмаса, соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылдау және еңбек шартының тоқтатылуы туралы бұйрықтың үзіндісі;

6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды);

7) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

8) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама (басқару функцияларын орындаумен байланысты лауазым үшін).

Бұл ретте, кадр жөніндегі инспектор құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсыну талап етілмейді.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Конкурсқа қатысушылар білімі, еңбек өтілі және кәсіби дайындығы деңгейі туралы (біліктілігін көтеру, ғылыми дәрежелері мен атақтары және ғылыми еңбектері туралы, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орны басшылығынан ұсыныстар және т.б. қосымша мәліметтер) мәліметтерді қосымша ұсына алады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі:

Құжаттарды қабылдаудың аяқталатын күні: 18.00 сағат 22.10.2018 ж.

 

Конкурсқа жіберілген кандидаттар әңгімелесуден өтеді. Әңгімелесу өткізу күні туралы конкурсқа қатысушылар қосымша хабарланатын болады.

 

Алматы қаласы ішкі саясат басқармасының «Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жоғарыда көрсетілген құжаттарды белгіленген мерзімде ұсыну қажет, мына мекен жайға: Қазақстан Республикасы, индекс: 050026, Алматы қаласы, Төле би көшесі,155 үй, кеңсе 414.

Байланыс деректері: факс: 8 (727) 378-44-65, телефон: 8 (727) 378-44-74, эл. почта: rsk_almaty@mail.ru