Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Мониторинг және талдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының директоры бос лауазымына конкурс жариялайды

20 қараша 2018 жыл

Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Мониторинг және талдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының директоры бос лауазымына конкурс жариялайды

 

Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Мониторинг және талдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының мекен-жайы: Алматы қаласы, Қожамқұлов көшесі, 77 индекс 050026. Тел.:233-41-81, факс: 233-41-81

Конкурстың өткізілетін орны мен уақыты: 2018 жылдың 5 желтоқсаны, Алматы қаласы, Республика алаңы, 4, 527 бөлме. 

Лауазымдық міндеттері:Кәсіпорынның жұмысын Кәсіпорынның Жарғысына сәйкесұйымдастыру; қалалық құрылымдық бөлімшелермен, яғни комитеттермен, басқармалармен, департаменттермен, ғылыми мекемелермен өзара әрекеттестік жүргізу; кәсіпорын қызметінің мәселелері жөніндегі уәкілетті органға тиісті есептерді белгіленген мерзімде беру.Кәсіпорын қызметіне жалпы басшылық жасау; қала тіршілігінің түрлі салаларындағы мақсатты бағдарламалар мен жобаларды әзірлеуге, координациялауға және жүзеге асыру жұмыстарына қатысу; ақпараттық-талдау жұмыстарын жүргізу; әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси даму жағдайларын талдау және жобалау.

Конкурсқа қатысушыларға талаптар: 

Білімі жоғары;

Басшылық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл; 

Конкурсқа қатысу үшін қажет құжаттар:

Конкурсқа қатысу туралы өтініш; 

Мемлекеттік және орыс тіліндегі түйіндеме; 

Еркін түрде жазылған өмірбаян;

Белгіленген тәртіп бойынша куәландырылған білім туралы құжаттар көшірмесі;

Белгіленген тәртіп бойынша куәландырылған еңбек кітапшасының көшірмесі; 

Денсаулығы туралы анықтама. 

Конкурсқа қатысушы біліміне байланысты, жұмыстық тәжірибесі, кәсіби дайындықдеңгейі туралы (біліктілікті көтермелеу құжатының көшірмесі, ғылыми дәрежесін анықтайтын құжат, ғылыми дәрежесін анықтайтын құжат, ғылыми жарияланымдар, соңғы жұмыс орнының жетекшісінің ұсыныс хаты) қосымша ақпарат көрсете алады.

Конкурсқа қатыса алмайтын: 

Жасы он сегізге толмаған; 

Бұрын жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылықжасаған;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сотталғандығы жойылмаған немесе алынбаған азаматтар;

Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге жағдайлар.

Конкурс өткізілуі туралы жергілікті ақпарат құралдарында («Алматы Ақшамы», «Вечерний Алматы» газеттері) хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде мына мекен-жайға тапсырылуы тиіс: 050001, Алматы қаласы, Республика алаңы, 4, 508 бөлме. Байланыс телефоны: 271-67-28, 272-02-87.