2019 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жүзеге асырылуы жоспарланған әлеуметтік жобалардың тақырыптарын талқылау

3 желтоқсан 2018 жыл

2019 жылға жоспарланған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыптары туралы ақпарат

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланған тақырыбы

 

Қаржыландырудың жоспарланған көлемі

Ақпараттың дерек көзі көрсетілген негіздеме

Халықтың нысаналы тобы

Күтілетін нәтиже

  1.  

«Азаматтық борыш» жобасы

 

(Әлеуметтік жоба өсіп келе жатқан жас ұрпақты патриоттық рухқа, рухани және адамгершіліктік құндылықтарға тәрбиелеуге, сондай-ақ Отан алдындағы азаматтық парызын орындауға бағытталған)

 

4 457 000

Ауған Демократиялық Республикасынан совет әскерінің шыққанының 30 жылдығына арналған республикалық іс-шаралар жоспары

Ауған соғысының ардагерлері және жастар

Жастарды патриоттық сезімге тәрбиелеу

(10 кездесу, сурет көрмесі, 3 спорттық іс-шара, 1 «дөңгелек үстел»)

  1.  

«Ұлттық құндылық» жобасы

 

(Әлеуметтік жоба «Рухани жаңғыру» бағдарламасын  түсіндіру және дәріптеу мақсатында түрлі форматтағы іс-шараларды ұйымдастыруға бағытталған)

 

6 559 800

ҮЕҰ ұсынысы

Ғылыми және шығармашылық интеллигенция өкілдері, зейнеткерлер, жастар және т.б.

 «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру

(әлеуметтік желілерде парақшалар, 3 флеш-моб акция, 5 мемлекеттік және орыс тілдерінде бейнеролик, 1000 ақпараттық буклет, 10 мақала, 15 «дөңгелек үстел»)

  1.  

«Конституция күніне арналған конференция өткізу» жобасы

 

(Жоба заңгерлердің, тарихшылардың, қоғам қайраткерлерінің, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қатысуымен ғылыми-тәжірибелік конференция өткізуге бағытталған)

 

1 670 000

Конституция күнін атап өту мақсатында

Мемлекеттік органдардың өкілдері, тарихшылар, заңгерлер, депутаттар, ҮЕҰ, жастар және т.б.

Қоғам өкілдерінің ойы мен ұсынысын жинақтау

  1.  

«Заң кеңесі» жобасы

 

(Жоба азаматтарға әртүрлі сұрақтар бойынша заңдық-кеңестік көмек көрсететін орталықтың жұмысын ұйымдастыруға бағытталған)

 

6 297 239

ҮЕҰ ұсынысы

Қала тұрғындары

Қала тұрғындарына ақысыз негізде сапалы құқықтық кеңес беру

(тегін құқықтық кеңес беретін орталық, «жедел желі»,  1 мемлекеттік және орыс тілдерінде бейнеролик, 10 көшпелі кездесу, 10000 ақпараттық буклет)

  1.  

«Қоғамдық кеңес» жобасы

 

(Әлеуметтік жоба Қоғамдық кеңестің қызметін жетілдіру бойынша іс-шараларды өткізуге бағытталған)

 

 

4 721 000

Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің қызметін ұйымдастыру мақсатында

Қоғам өкілдері, ҮЕҰ, Этномәдени бірлестіктер, саяси партиялар, жастар ұйымдары және т.б.

Қоғам өкілдерінің ойы мен ұсынысын жинақтау

(«жедел желі», 5 семинар, 2 қоғамдық мониторинг, 10 диалогтық алаң, сайтты жүргізу, 1 «дөңгелек үстел»)

  1.  

«Бірлік – береке бастауы» жобасы

 

(Жоба этносаралық келісімді нығайтуға мақсатында кешенді іс-шаралар өткізуге бағытталған)

 

5 837 300

Қазақстан Халқы Ассамблеясының XXIV сессиясында қабылданған  «Мәңгілік ел» патриоттық актісін орындау мақсатында

Этномәдени бірлестіктердің өкілдері мен жастар

Этносаралық келісімді нығайту

(5 кездесу, 3 «дөңгелек үстел», 1 фестиваль, мемлекеттік тілді білу бойынша байқау, 1 мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде бейнеролик)

 

  1.  

«ҚР Мемлекеттік рәміздеріне арналған патриоттық іс-шаралар өткізу» жобасы

 

(Жоба ҚР мемлекеттік рәміздерін дәріптеу және насихаттау мақсатында іс-шаралар кешенін өткізуге бағытталған)

 

5 905 000

Жастар ұйымдарының ұсынысы

Қала тұрғындары

Жастарды патриоттық сезімге тәрбиелеу

(әлеуметтік желілерде парақшалар, 3 жастардың флеш-моб акциясы, 5 кездесу, 1 мемлекеттік және орыс тілдерінде бейнеролик, 8 семинар, 1 «дөңгелек үстел», 500 ақпараттық буклет)

  1.  

«Елбасы Жолдауының негізгі басымдықтарын түсіндіру бойынша іс-шаралар өткізу» жобасы
 

(Елбасы Жолдауының жүзеге асырылу барысын түсіндіру бойынша іс-шаралар өткізуге бағытталған)

 

4 281 800

Елбасының жыл сайынғы Жолдауын тұрғындар арасында түсіндіру мақсатында

Қала тұрғындары

Елбасының Жолдауын түсіндіру

(16 кездесу, 1 «дөңгелек үстел», 1 мемлекеттік  және орыс тілдерінде бейнеролик, 4 инфографика)

  1.  

«Патриоттық рух - басты құндылық» жобасы

 

(Жоба  жастар арасында патриотизмді нығайтуға және 1986 жылғы Желтоқсан қатысушыларының қатысуымен іс-шаралар кешенін өткізуге бағытталған)

 

5 752 000

1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы қатысушылары ұйымдарының ұсынысы

1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы қатысушылары және жастар

Жастарды патриоттық сезімге тәрбиелеу

(10 кездесу, 2 әртүрлі спорт түрінен атаулы турнир, мәнерлеп оқудан байқау, 1 «дөңгелек үстел», концерт)

  1.  

«Бас бостандығынан айыру орнынан шыққан адамдарды әлеуметтік бейімдеудегі мәселелерді шешу» жобасы
 

(Жоба бас бостандығынан айыру орындарынан шыққан адамдарды бейімдеуге бағытталған іс-шаралар кешенін ұйымдастыруға бағытталған)

 

5 300 670

5 институционалды реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 қадам – Ұлт жоспарының 33 қадамын орындау мақсатында

Бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан адамдар және олардың туыстары

Бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан адамдарды әлеуметтендіру

(тегін кеңес беретін орталық, 10 кездесу, 2000 дана жадынама, 10 сот ісін жүргізу бойынша көмек, 3 жұмыс берушілермен кездесу, 1 «дөңгелек үстел»)

  1.  

«Тарихтан тағылым» жобасы

 

(Жоба тарихи маңызды даталар: 1932-33 жылдардағы ашаршылыққа және 1937-1938 жылдардағы саяси қуғын-сүргінге арналған іс-шаралар кешенін ұйымдастыруға бағытталған)

4 729 200

ҮЕҰ ұсынысы

Ғылыми және шығармашылық интеллигенция өкілдері, жастар және т.б.

Жастарды патриоттық сезімге тәрбиелеу

(10 кездесу, 1 «дөңгелек үстел», 1 конференция,)

  1.  

«БАҚ өкілдері арасында үздік ақпараттық материал бойынша байқау»

 

(Алматы қаласы аумағында мемлекеттік ақпараттық саясаттың жүзеге асырылу сапасын көтеру мақсатында байқау өткізу)

 

10 388 100

Республикалық жалпы медиа-жоспар

БАҚ өкілдері және қоғам өкілдері

БАҚ қызметкерлерін марапаттау

  1.  

«Ардагерлерге қолдау көрсету бойынша іс-шаралар кешенін өткізу» жобасы

 

(Жоба ардагерлерге қолдау көрсету бойынша іс-шаралар кешенін ұйымдастыруға бағытталған)

 

 

5 711 800

 «Белсенді ұзақ өмір» жол картасы

Ардагерлер, зейнеткерлер және жастар

Ардагерлерге және олардың бастамаларына қолдау көрсету, ардагерлердің бос уақыт ұйымдастыру

(8 «дөңгелек үстел», 10 кездесу, 5 сауықтыру іс-шаралары)

  1.  

«Тәуелсіз Қазақстан» жобасы

 

(Жоба мемлекеттік мерекелерге арналған тақырыптық іс-шаралар кешенін өткізуге және Патриотизм мен Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу және оны қалыптастыруға бағытталған)

 

3 695 000

ҚР Тәуелсіздік күні мен ҚР Тұңғыш Президенті күнін атап өту мақсатында

Ғылыми және шығармашылық интеллигенция өкілдері, жастар және т.б.

Жастардың патриоттық сезімге тәрбиелеу және оны нығайту, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру

(2 конференция, 1 «дөңгелек үстел», 2 флеш-моб акция)

  1.  

«Жемқорлыққа қарсы іс-шаралар кешенін өткізу» жобасы

 

(Жоба жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған іс-шаралар кешенін өткізуге бағытталған)

6 976 437

2017-2020 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспары

Мемлекеттік және бюджеттік мекемелер, қоғам өкілдері

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қарсы іс-қимыл

(мониторинг, 15 түрлі ұйымдастырушылық іс-шаралары, 2000 адам арасында сұрақ-жауап,  мемлекеттік  және орыс тілдерінде 3 бейнеролик)

  1.  

«Аяулы жан» жобасы

 

(Жоба әйелдерге заң және психологиялық кеңестер беру бойынша қоғамдық қабылдау ұйымдастыруға және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған)

 

6 705 939

ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері  және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясының іс-шаралар жоспары

Зорлық-зомбылыққа тап болған әйелдер

Зорлық-зомбылыққа тап болған әйелдерге кеңес беру және қолдау көрсету

 («зорлық-зомбылықсыз 16 күн» атты 3 акция, 8 шебер сыныптары, 1 «дөңгелек үстел»)

  1.  

«Отан – оттан да ыстық» жобасы

 

(Жоба тарихи отанына оралған азаматтарға кеңестік, ақпараттық-түсіндірмелік көмек көрсету бойынша орталық қызметін ұйымдастыруға бағытталған)

 

 

5 228 800

ҮЕҰ ұсынысы

Тарихи отанына қайтып келген азаматтар

Тарихи отанына қайтып келген азаматтарға кеңес беру және қолдау көрсету

(8 көшпелі кездесу, 3 оқыту курсы, 2000 ақпараттық буклет, 1 «дөңгелек үстел», «жедел желі»)

 

  1.  

 «Менің елім» байқауы» жобасы

(Әр түрлі ұлт өкілдері арасында қазақ тіліндегі әндерді айту бойынша байқау)

 

2 780 000

ҮЕҰ ұсынысы

Мүмкіндігі шектеулі азаматтар

Мемлекеттік тілді насихаттау

(Байқау ұйымдастырып, жеңімпаздарды марапаттау)

  1.  

«Еңбек сақшысы» жобасы

 

(Жоба еңбек мәселелерін анықтау, еңбек дауларының алдын алу және ҚР Еңбек кодексін түсіндіру бойынша іс-шаралар өткізуге бағытталған)

 

5 625 000

ҚР Президенті

Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласын орындау мақсатында

 

Қала тұрғындары

Еңбек мәселелерін анықтау, еңбек дауларының алдын алу және ҚР Еңбек кодексін түсіндіру (20 мекемеде сұрау жүргізу, 16 семинар, 100 дана ақпараттық-әдістемелік бюллетень,  1 мемлекеттік  және орыс тілдерінде бейнеролик)

  1.  

«Қауіпсіз жол» жобасы

 

(Жоба тұрғындар арасында жол қозғалысы қауіпсіздігі мен жарақаттанудың алдын алу бойынша іс-шаралар өткізуге бағытталған)

 

6 647 600

Жол қозғалысы қауіпсіздігі мен жарақаттанушылықтың алдын алуды қамтамасыз ету бойынша іс-қимылдардың онжылдығын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың 2011-2020 жылдарға арналған ұлттық жоспары

Қала тұрғындары

Жол қозғалысы қауіпсіздігі мен жарақаттанудың алдын алу бойынша ақпараттандыру

(30 түрлі форматтағы іс-шаралар (кездесулер, ойындар, акциялар, деректі фильмдер көрсету), 1000 дана ақпараттық буклеттер, 3500 дана түс шағылыстырғыш күртешелер, 1 мемлекеттік  және орыс тілдерінде бейнеролик)

  1.  

«Қоғамдық сарапшы» жобасы

 

(Жоба қоғамдағы маңызды мәселелерді талқылау және диалог пен қоғамдық пікір алмасу мәдениетін дамыту мақсатында «Сарапшылар клубы» қызметін ұйымдастыруға бағытталған)

 

4 945 000

ҮЕҰ ұсынысы

Қала тұрғындары

Қоғам өкілдерінің ойы мен ұсынысын жинақтау

 («Сарапшылар клубының» 15 отырысын өткізу)

  1.  

«Әдебиет әлемі» жобасы

 

(Жоба оқушыларды оқуға деген қызығушылыққа тәрбиелеуге және белгілі ақындар мен жазушылардың үздік шығармаларын дәріптеуге бағытталған)

 

4 925 988

ҮЕҰ ұсынысы

Қала тұрғындары

Белгілі ақындар мен жазушылардың үздік шығармаларын дәріптеу

(8 кездесу, шығармашылық кеш, 3 тақырыптық мақала)

  1.  

«Бала қорғаушысы» жобасы

 

(Жоба зорлық-зомбылықтан балалардың құқығын қорғау жөніндегі іс-әрекетті дамыту және зорлық-зомбылықсыз қарым-қатынас құндылықтарына негізделген мәдениетті қоғамда қалыптастыру мақсатында «Бала қорғаушысы» қызметінің жұмысын ұйымдастыруға бағытталған)

 

6 127 000

ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері  және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясының іс-шаралар жоспары

Кәмелет жасқа толмаған балалар және олардың ата-аналары

Балалардың құқығын қорғау

(Кәмелет жасқа толмаған балалар үшін 15 семинар, методисттер мен психологтарға арналған 8 семинар, 1 мемлекеттік  және орыс тілдерінде бейнеролик, балаларға арналған ойын-сауық шарасы, 1000 дана буклет)

 

Ұсыныстар мен ескертулерді projectsnpo2019@gmail.com электронды почтасына жолдауларыңызды сұраймыз.