Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының қызметшілері арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға ішкі конкурс жариялау туралы хабарландыру

9 қаңтар 2019 жыл

Ішкі конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптары:

D-О-3 санаты үшін:

жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;

3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;

6) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

7) ғылыми дәрежесінің болуы.

 

Ішкі конкурс ҚР ӘМ 2017 жылғы 27 наурыздағы №14939 тіркелген, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидалары негізінде өткізіледі.

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

 

min

max

D-О-3

305 771

398 831

 

 

 

 

 

«Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы» КММ, 050001, Алматы қаласы, Республика алаңы, 4, анықтама үшін телефон/факс 272-02-87, 271-67-28 e-mail: uvp@almaty.gov.kz, конкурс жариялайды:

Алмалы ауданы бойынша аумақтық бөлімінің басшысы,D-О-3 санаты (1 бірлік).

Функционалдық міндеттер: Бөлім жұмыстарын, аудан басшылығымен, Алматы қаласы ішкі саясат басқармасы және басқада қала және ауданның мекемелерімен жедел ұйымдастыру; мемлекеттік саясаттың орнығуымен жүзеге асуы бойынша идеологиялық насихат жүргізу жұмыстарына қатысу, қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтауға өз үлесін қосу, мемлекеттік суверенитетті нығайтуға, демократияның дамуы мен азаматтық қоғамның қалыптасуына ат салысу; «Қазақстан-2050» Стратегиясы және басқада ақпараттық-аналитикалық реформаларды насихаттау және түсіндіру жұмыстарын ұйысмдастыру, қоғамдық-саяси жағдайларды алдын-ала болжау және болған жағдай бойынша халықпен жұмыс жасау; Алматы қаласы әкімінің мемлекеттік ішкі муниципалдық саясатын қолдау мақсатында және халықтың бірлігін сақтау үшін жүргізілген іс шараларын ұйымдастыру; азаматтық патриотизмді тәрбиелеу; әлеуметтік жарнама және саяси маркетинг көмегімен бағдарламалық мақсаттың стратегиясын жасау; ішкі саясат облысында баршаға бірдей ұстаным жасау мәселесі бойынша діни бірлестіктермен бірігіп жұмыс жасау; мемлекеттік ақпараттық саясатты ұйымдастыру,қалалық БАҚ-ның мемлекеттік тапсырыстарының орындалуын қадағалау; қоғамдық-саяси сұрақтар бойынша және қаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайы жөнінде БАҚ-ның жұмыс істеуін қадағалау; Мемлекеттік рәміздердің Заңнамадағы стадарттарға сай болуын қадағалау; әлеуметтік жарнаманың мазмұнын қадағалап отыру; құқық қорғау органдарына және БАҚ-мен өз бөлімі құзіретінде жұмыс жасау. Мемлекеттік тілді меңгеру; Excel, Word, E-mail, Internet компьютерлік бағдарламаларында жұмыс жасай білу.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Білім беру саласындағы (құқық және экономика негіздері) немесе гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар, философия) немесе құқық саласы (халықаралық құқық, құқықтану, құқық қорғау қызметі) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, журналистика, саясаттану, экономика, психология, әлеуметтану, аймақтану, әлемдік экономика, қоғамдық байланыс) немесе өнер саласындағы (баспа ісі) жоғары білім.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  1. белгіленген нысан бойынша өтініш (қоса беріліп отыр);
  2. тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік отыз күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттарды қабылдау мерзімі 3 жұмыс күннің ішінде конкурс өткізу туралы хабарландырудың соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасына тапсырылуы тиіс.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзгеде олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасында (Алматы қаласы, Республика алаңы, 4, 508 бөлмеде)өтеді.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдар Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасына құжаттарын қолма-қол тәртіпте, пошта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электрондық Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының электрондық поштасы не "Е-gov" электрондық үкімет порталы немесе "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлғаны конкурс комиссиясы әңгімелесуден өтуге жібермейді.

Конкурстық комиссия жұмысының айқындылығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін отырысқа байқаушылардың қатысуына жол беріледі.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлға персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, көрсетілген ұйымдарға тиесілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Конкурстық комиссия тарапынан заңсыз фактілер анықталған жағдайда конкурс кандидаттары мен қатысушылары Алматы қаласы, Сейфуллин даңғылы, 555 мекенжайында орналасқан Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментіне 254-90-26, 254-90-20 байланыс телефондары арқылы шағымдануға құқылы.

Приложения