Қоғамдық келісім бөлімі

Қоғамдық келісім бөлімі Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының құрылымдық бөлімшесі болып табылады жәнекелесі міндеттердіңорындалуын жүзеге асырады:

Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңнамасы аясында діни бірлестіктер мен өзге де ұйымдардың қызметін мониторингілеу, талдау және үйлестіру;

Конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету, мемлекеттік органдар мен діни бірлестіктер арасындағы әріптестік қатынастарды дамыту, діни бірлестіктер, азаматтық және мемлекеттік сектор арасында диалог алаңдарын құру;

Діни саладағы жағдайдың жақын және ұзақ мерзімді перспективасын болжау, тәжірибелік ұсыныстар әзірлеу;

Қоғамда радикалды идеологияға қарсы иммунитетті және радикалды көріністерге мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру;

Ұлттық қауіпсіздікті, зайырлы мемлекеттің конституциялық негіздерін бұзатын және халықтың радикалдануына ықпал ететін деструктивті діни ағымдардың таралуының алдын алу;

Дін саласындағы мемлекеттік саясат мәселелері бойынша заңнамалық – нормативтік актілердің, мемлекеттік стратегиялық бағдарламалар мен құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету.