«Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет паспорты

 

1.

Көрсетілетін қызметті

берушінің атауы

Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы

2.

Көрсетілетін қызметті

алушы (жеке және (немесе)

заңды тұлға) туралы

мәліметтер

Заңды тұлғалар

3.

Ақылы/тегін

Тегін

4.

Мемлекеттік қызмет

көрсету мерзімдері

1) көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасы тапсырылған күннен бастап – күнтiзбелiк 25 (жиырма бес) күн.

Мемлекеттік корпорацияға жүгінген жағдайда Мемлекеттік корпорацияның құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді;

2) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыру үшін рұқсат етілген ең ұзақ күту уақыты – 30 (отыз) минут, Мемлекеттік корпорацияға – 15 (он бес) минут;

3) көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметтің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты көрсетілетін қызметті берушіде – 30 (отыз) минут, Мемлекеттік корпорациясында – 20 (жиырма) минут

5.

Мемлекеттік қызметті

көрсету нысаны

(электронды/ қағаз түрінде)

қағаз жүзінде

6.

Қажетті құжаттардың

тізбесі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген жағдайда:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқасын міндетті түрде ұсына отырып – діни бірлестікті мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың көшiрмесi.

3) үй-жайды пайдалануға, тіркелген діни бірлестіктің басшысы қол қойған, не болмаса көрсетілген объектілерде келушілерге жеке дұға етуге арналған үй-жайлар ашу қарастырылған ғимараттың, халық көп келетін объектінің (сауда объектілері, теміржол және вокзалдары, әуежайлар, порттар) басшысы  қол қойған анықтама-негіздеме.

 Анықтама-негіздемеде: діни іс-шаралар өткізуге арналған үй-жайды айқындаудағы мақсаты, аталған аумақта діни қажеттілігін қанағаттандыруға мұқтаж  келушілер саны, ғимараттан үш жүз метр қашықтықта рухани (діни) білім беру ұйымдарын қоспағанда, мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, білім беру ұйымдары жоқ екендігі көрсетіледі.

4) жылжымайтын мүліктің құқық белгілеуші құжаттың көшірмесі және (немесе) жер учаскесіне нотариалды куәландырылған сәйкестендіру құжатының көшірмесі, не салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары ұсынылады;

5) діни іс-шаралар өткізуге арналған үй-жайлар орналасқан  аумақта  қолданыстағы жергілікті қоғамдастық жиналысының (жиынының) немесе үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері немесе жалға алушылары жиналыстарының діни іс-шаралар өткізуге (үй-жай орналасқан ғимараттың аумағымен шектесетін (сонымен қатар, шекара аралығында сервитут, автомобиль жолы өтетін болса) тұрғын үйлер болған жағдайда ұсынылады)  келісетіні туралы шешімінің көшірмесі. 

Жергілікті қоғамдастық жиналысы (жиыны) немесе кондоминиум объектісінің органы болмаған жағдайда жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның аталған үй-жайда діни іс-шаралар өткізуге келісімі туралы хаты ұсынылады (үй-жай орналасқан ғимараттың аумағымен шектесетін (оның ішінде, шекара аралығында сервитут, автомобиль жолы өтетін болса) жеке тұлғаның үйі, заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің үй-жайы болған жағдайда ұсынылады);

6) меншік иесінің үй-жайды діни іс-шараларды өткізу үшін пайдалануға келісуі туралы хаты (ғимарат жалға алынған жағдайда ұсынылады);

Осы тармақтың 5), 6) тармақшаларында көзделген құжаттарда көрсетілген күн өтініш берілгенге дейін үш айдан бұрын болмауы тиіс.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға (жеке басын сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде)  жүгінген жағдайда:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) үй-жайды пайдалануға, тіркелген діни бірлестіктің басшысы қол қойған, не болмаса көрсетілген объектілерде келушілерге жеке дұға етуге арналған үй-жайлар ашу қарастырылған ғимараттың, халық көп келетін объектінің (сауда объектілері, теміржол және вокзалдары, әуежайлар, порттар) басшысы  қол қойған анықтама-негіздеме.

 Анықтама-негіздемеде: діни іс-шаралар өткізуге арналған үй-жайды айқындаудағы мақсаты, аталған аумақта діни қажеттілігін қанағаттандыруға мұқтаж  келушілер саны, ғимараттан үш жүз метр қашықтықта рухани (діни) білім беру ұйымдарын қоспағанда, мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, білім беру ұйымдары жоқ екендігі көрсетіледі.

3) жылжымайтын мүліктің құқық белгілеуші құжаттың көшірмесі және (немесе) жер учаскесіне нотариалды куәландырылған сәйкестендіру құжатының көшірмесі, не салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары ұсынылады;

4) діни іс-шаралар өткізуге арналған үй-жайлар орналасқан  аумақта  қолданыстағы жергілікті қоғамдастық жиналысының (жиынының) немесе үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері немесе жалға алушылары жиналыстарының діни іс-шаралар өткізуге (үй-жай орналасқан ғимараттың аумағымен шектесетін (сонымен қатар, шекара аралығында сервитут, автомобиль жолы өтетін болса) тұрғын үйлер болған жағдайда ұсынылады)  келісетіні туралы шешімінің көшірмесі.

Жергілікті қоғамдастық жиналысы (жиыны) немесе кондоминиум объектісінің органы болмаған жағдайда жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның аталған үй-жайда діни іс-шаралар өткізуге келісімі туралы хаты ұсынылады (үй-жай орналасқан ғимараттың аумағымен шектесетін (оның ішінде, шекара аралығында сервитут, автомобиль жолы өтетін болса) жеке тұлғаның үйі, заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің үй-жайы болған жағдайда ұсынылады);

5) меншік иесінің үй-жайды діни іс-шараларды өткізу үшін пайдалануға келісуі туралы хаты (ғимарат жалға алынған жағдайда ұсынылады);

Осы тармақтың 5), 6) тармақшаларында көзделген құжаттарда көрсетілген күн өтініш берілгенге дейін үш айдан бұрын болмауы тиіс.

Діни бірлестікті мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жылжымайтын мүліктің құқық белгілеуші құжаты және жер учаскесінің сәйкестендіру құжаты туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорацияның қызметкері «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады және көрсетілетін қызметті берушіге қағаз түрінде ұсынады.

7.

Мемлекеттік көрсетілетін

қызмет стандартын бекіткен

ҚР Қоғамдық даму министрінің бұйрығының

атауы

ҚР Қоғамдық даму министрінің 2017жылғы 26 шілдедегі № 113 «Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 147 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығы

8.

Байланыс деректері

Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жердің мекенжайлары: көрсетілетін қызметті берушінің: din-almaty.gov.kz

Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: +7(7272) 2632591, 2630614.