«Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет паспорты

 

1.

Көрсетілетін қызметті

берушінің атауы

Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы

2.

Көрсетілетін қызметті

алушы (жеке және (немесе)

заңды тұлға) туралы

мәліметтер

Жеке тұлғалар

3.

Ақылы/тегін

Тегін

4.

Мемлекеттік қызмет

көрсету мерзімдері

1) құжаттар топтамасы тапсырылған күннен бастап күнтiзбелiк 30 (отыз) күн;

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін рұқсат етілген ең ұзақ күту уақыты – 30 (отыз) минут;

3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.

5.

Мемлекеттік қызметті

көрсету нысаны

(электронды/ қағаз түрінде)

қағаз жүзінде

6.

Қажетті құжаттардың

тізбесі

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша миссионерді тіркеуге  (қайта тіркеуге) өтініш;

2) көрсетілетін қызметті алушы паспортының немесе жеке куәлігінің көшірмесі;

3) діни бірлестік атынан миссионерлік қызметті жүзеге асыру құқығына діни бірлестік берген құжат;

4) куәлік көшірмесі немесе мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама және миссионер өкілі болып табылатын діни бірлестік жарғысының көшірмесі;

5) миссионерлік қызметке арналған діни әдебиет, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдар, діни мақсаттағы заттар.

Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасында миссионер ретінде тіркелу (қайта тіркелу) үшін қосымша мынадай құжаттарды ұсынады:

1) миссионер өкілдік етіп отырған діни бірлестіктің шет мемлекеттің заңнамасы бойынша ресми тіркелгенін куәландыратын заңдастырылған немесе апостиль қойылған құжат;

2) Қазақстан Республикасында тіркелген діни бірлестіктің шақыру құжаты.

Шет мемлекеттері берген құжаттар мемлекеттік және орыс тілдерінде аудармасының дұрыстығы Қазақстан Республикасында нотариалды куәландырылған және аударманы жүзеге асырған аудармашы қолының түпнұсқалығы Қазақстан Республикасында нотариалды куәландырылған түрінде ұсынылады.

7.

Мемлекеттік көрсетілетін

қызмет стандартын бекіткен

ҚР Қоғамдық даму министрінің бұйрығының

атауы

ҚР Қоғамдық даму министрінің 2017жылғы 26 шілдедегі № 113 «Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 147 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығы

8.

Байланыс деректері

Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жердің мекенжайлары: көрсетілетін қызметті берушінің: din-almaty.gov.kz

Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: +7(7272) 2632591, 2630614.