Алматының Жайлы қалалық орта басқармасының басшысы тағайындалды

18 қыркүйек 2019 жыл

Қала әкімінің өкімімен Қуандық Айтмағанбетов Алматының Жайлы қалалық орта басқармасының басшысы болып тағайындалды.

 

Қ. Айтмағанбетов 1980 жылы 8 сәуірде туылған. 2002 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия университетін, 2013 жылы Орталық Қазақстан академиясын тәмамдаған.

Еңбек жолын 2002 жылы Астана қаласы Абаттандыру басқармасының жол жұмысшысы болып бастаған.

2002-2016 жылдар аралығында «Қалкоммуншар» МКК жөндеу-құрылыс басқармасының прорабы, «Астанақұрылысинжиниринг» ЖШС жетекші инженері, Астана қаласы Құрылыс Департаментінің инженер-құрылысшы міндетін атқарушы болған.

2008-2016 жылдар аралығында Астана қаласының Құрылыс басқармасында талдау бөлімінің бас маманы және құрылыс бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.

2016 жылдың желтоқсанынан 2019 жыл аралығында Алматы қаласының Құрылыс басқармасында жоспарлау және мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы, басшының орынбасары қызметтерін атқарған.

2019 жылдан жаңа тағайындауға дейін Алматы қаласы Жайлы орта басқармасы басшысының орынбасары болған.