Б. Сағынтаев: Алматы 5 млн адам үшін толыққанды метроөңір болуы тиіс

19 қыркүйек 2019 жыл

Бұл туралы Алматы әкімі Б. Сағынтаев оңтүстік астананың 25 жылға дейінгі болашағын болжаған Kazakhstan Growth Forum 2019 хабарлады.

 

Оның сөзінше, Алматы – еліміздің негізгі қақпасы ғана емес. Оңтүстік астана – барша Оңтүстік Азия өңірінің жаһандық интеграциясының драйвері және болашақта Жаңа Жібек Жолының іскерлік және мәдени астанасы. Өйткені Алматыда ірі сауда-логистикалық хаб, жаңа Жібек Жолының дәл ортасындағы коммуникациясы торабы болудың барлық мүмкіндіктері бар.

Бәсекеге қабілетті болу үшін біз алдыңғы қатарлы қалалардың жоғары стандарттарына сай болуымыз керек. Алматы заманауи ұсыныстарға дайын болуы және ауқымды міндеттерді шешуі тиіс.

«Біздің қаламыздың мақсаты мен стандарттарын дамыту – 5 млн халқы бар метроөңірдің алғашқы жаһандық интеграторы және өңірлік хабына айналуға негізделген. Кез-келген заманауи мегаполис ретінде Алматы өмір сүруге жайлы, бизнес үшін перспективалы, коммуникация үшін қолайлы болуы тиіс. Мұнда қаланың дамуына үлес қосуға ынталы жанның «Алматылық арманы» орындалуы қажет», - деп атап өтті Б. Сағынтаев.