Б. Сағынтаев: Almaty Regional Solutions – Алматыны дамытудың стратегиялық бағыттары

19 қыркүйек 2019 жыл

Алматы әкімі Б. Сағынтаев Kazakhstan Growth Forum 2019 Almaty City: Vision 2025 баяндама жасап, қаланы дамытудың стратегиялық бағыттары туралы айтты.

 

Алматы әкімінің сөзі бойынша, Almaty Regional Solutions – Қазақстан мен бүкіл Орталық Азия үшін ұсыныстар мен шешімдер көрініс табатын кәсіпорындар, нысандар, қызмет көрсету орындары, қалалық имидж және микроахуал. Бұлар барлық өңірге өз тауарларын өткізетін алматылық өндірушілер. Бұлар өздерінің жұмысын бүкіл Орта Азия бойынша жүргізетін халықаралық компаниялар мен банктердің бас офистері.

Бұлар 2000 км радиусте (Sax 5th Avenue мен логистикалық кешендер) сауда жасайтын тұрғындар мен өңірдің саудагерлері немесе өз тауарларын тұрғындарға ұсынатын сауда орталықтары мен базарлар (Алтын Орда базары мен Магнум).

Бұл Оңтүстік Қазақстан мен Қырғызстан тұрғындары үшін транзиттік пункт болатын Алматының әуежайы.

Батыс пен Шығыстың қонақтарын тартатын дамыған туристік индустрия. Әлемдік туристік нарықтың перспективалы бағыттары: мәдени, іскерлік, емдеу-сауықтыру және экологиялық туризм.

Бұл халықаралық және азиялық спорт ойындары (Азиада, Универсиада, Орта Азиялық ойындар, халықаралық күрес турнирлері), салауатты өмір салты әуесқойлары үшін Медеу және Шымбұлақ.

Бұлар оқу, ғылымға жүгіну және емделу үшін барлық өңірлерден келетін тұрғындар үшін университеттер, медициналық клиникалар, ғылыми орталықтар.