«Барыс» ҚХЛ-дың басты матчында екі рет жеңіске жетті

21 қыркүйек 2019 жыл

«Барыс» хоккей клубы алғаш рет ҚХЛ аясында оңтүстік астанада екі матч өткізді.

 

Алматы - құрлықтық хоккей лигасының тарихында 46-шы қала атанды. 17 қыркүйекте «Барыс» мәскеулік «Спартакпен» ойнап, бірден 3:0 есебімен жеңіске жетті. Хоккейшілерді қолдауға 12 мың 105 көрермен келді. Ал 20-шы қыркүйек күні «Барыс» челябілік «Трактор» командасымен ойнау керек болатын. Тағы да 2:0 есебімен таза жеңіске жетті. Бұл ойын да 12 мың 148 көрерменнің басын қосты. «Барысты» жанкүйерлері, сондай-ақ қала әкімі Б. Сағынтаевтың өзі құттықтады.

Айта кету керек, «Барыс» хоккей клубы Алматыда болған кезде бірқатар әлеуметтік іс-шаралар өткен еді. Мәселен, 18-ші қыркүйек күні Mega Alma-аta сауда орталығында команда ойыншыларының қолтаңба-сессиясы ұйымдастырылды. Сондай-ақ, бұл күні Almaty Аrеnа көпфункционалды мұз кешенінде «Барыс» командасы жанкүйерлер үшін арнайы ашық жаттығу өткізді. Келесі күні «Барыс» жергілікті БАҚ өкілдері үшін де ашық жаттығу өткізді. Алматы еліміздің спорттық қаласы мәртебесін растап қана қоймай, халықаралық деңгейдегі ауқымды ойындарды өткізуге дайын екендігін де көрсетті. Ал қала тұрғындары үшін бұл ойын күздің нағыз хоккей мерекесі ретінде есте қаларлық оқиға болды.