Алматыда алғашқы қалалық SmartCity Challenge хакатон өтеді

23 қыркүйек 2019 жыл

Алматыны дамыту орталығы қала әкімдігінің қолдауымен Almaty SmartCity Challenge хакатон - қалалық жарыс өткізеді.

 

Алматы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте «Алматыны дамыту орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Олег Сек аталған шараның белгілі бір сала бойынша жаңа идеяның туындауына және тура сол ортада оны жүзеге асыруды ынталандыруға ықпал ететінін хабарлады.

Хакатон форматының басты ерекшелігі - біліктілігі мен мамандығы түрлі жандардың басын қоса отырып, менторлардың, яғни тәлімгерлердің басшылығымен жаңа тақырыптық саланы игеруге мүмкіндік беру.

Жобалар идея,іске асыру (макет, интерфейс, функционалдық), сонымен қатар өткізілетін шаралар (тұсаукесер, сипаттама, шығып сөйлеу) арқылы бағаланады. Негізгі шарты – жоба тікелей хакатонда әзірленіп, қатысушылардың бұрынғы жобаларын қайталамауы және жалғастырмауы тиіс.

Шараға қатысушылардың барлығы жаңа цифрлық сервистер мен өнімдерді Алматы басшылығы мен сарапшыларға көрсету, Алматының қаланы дамыту орталығының қолдауы арқылы пилотты жобаларды іске асыру мен енгізу мүмкіндіге ие бола алады.

5-6 қазанда Q-Lab (Абай даңғылы, 90) қалалық жобалар зертханасында бағдарламалық өнімдердің отандық жасаушылары жаңа цифрлық сервистер мен өнімдер шығару үшін командаларға бірігетін болады. Идея мен оның түпнұсқасын жүзеге асыру уақыты -24 сағат.

18 қыркүйек пен 3 қазан аралығында командалар мен жеке қатысушылардан өтініш қабылданады, содан соң команда (команданың әр мүшесі тіркеуден өтуі тиіс) жасақталады. Тіркеу формасы толтырылған соң қатысушылардың электронды мекенжайына құпталған хат жіберіледі. Q-Lab алаңы бейдж бойынша қолжетімді.

Хакатонның бірінші күні командалар жасақталады, питчинг идеялар түсіндіріледі, тәлімгерлермен, құрамында сарапшылар, кәсіпкерлер мен отандық компаниялар басшылары бар жюри мүшелерімен таныстық басталады. Жарысқа қатысушыларға мына тақырыптар бойынша: экология, трафик және кептеліс, креативті экономика, медицина, қауіпсіздік, қоғамдық көлік, білім, ТҮКШ тапсырма беріледі.

Хакатон жеңімпаздарына ақшалай сыйлықтар беріледі: бірінші орын - 1,5 млн теңге, екінші орын - 1 млн теңге, үшінші орын - 500 мың теңге.

Соңғы күні командалар жюриге өз түпнұсқаларын ұсынады.

Almaty SmartCity Challenge қалай қатысуға болады:

  1. канал @almatyhackathon-дағы жаңалықтарды қараған жөн.
  2. Үшінші қазанда түнгі сағат 23.00-ге дейінhttps://hackathon.smartalmaty.kz. жеке тіркелуден өту қажет.
  3. Жеке тіркелуден ойдағыдай өткен соң 2-ден 5 адамға дейін команданы жасақтау керек.

Жалпы сұрақтар бойынша: hackathon@almatydc.kz, +7 (727) 224 39 29 (ішкі 116, 126, 125).

Демеушілік көрсету бойынша: b.shadayev@almatydc.kz.