Алматы қаласы жергілікті атқарушы органының қызметшілері арасында «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға арналған ішкі конкурс туралы хабарландыру

5 ақпан 2020 жыл

Ішкі конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптары:

                                     

D-О-2 санаты үшін:  жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

      жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      3) А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;

      4) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;

      5) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы

      6) ғылыми дәрежесі;

      7) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес.

Конкурс ҚР ӘМ 2017 жылғы 27 наурыздағы №14939 тіркелген, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидалары негізінде өткізіледі.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы

Санаты

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

 

min

max

D-О-2

411 446

536 667

 

 

 

 

 

 

«Алматы қаласы әкімінің аппараты» КММ, 050001, Алматы қаласы, Республика алаңы, 4, анықтама үшін телефон/факс 262-16-09, e-mail: a.turdali@almaty.gov.kz, Алматы қаласы жергілікті атқарушы органының қызметшілері арасында «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

1. Алматы қаласы Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасы
басшысының орынбасары,       D-О-2 санаты (1 бірлік).

            Функционалдық міндеттері: Өзіне сеніп тапсырылған құрылымдық бөлімшелердің жұмысын ұйымдастырады және басқарады және оған жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның функцияларын жүзеге асыруы үшін жауапты болады. Сумен жабдықтау объектілерін және газбен жабдықтау жүйелерін басқару бөлімінің, инфрақұрылымдық жоспарлау бөлімінің мәселелеріне жетекшілік етеді. Осы мақсатта басшының орынбасары ұйымдастырушылық-бақылау, жекелеген атқарушылық, кейбір реттеуші функцияларды орындайды: болжамдарды, бағдарламаларды, нормативтік-құқықтық құжаттардың жобаларын, нұсқамалық және әдістемелік құжаттарды әзірлеуге басшылық жасайды не тікелей қатысады; мемлекеттік және өзге де ұйымдарда басшының келісімі бойынша басқарманың атынан өкілдік етеді; Басқарма қызметінің мәселелері бойынша талдау жұмыстарын жүргізуді және басқарма органына келісу үшін келіп түсетін құжаттардың жобалары бойынша қорытындылар дайындауды ұйымдастырады; Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша; сумен жабдықтау, су бұру және газбен жабдықтау саласын дамытуға бағытталған мемлекеттік саясатты жүргізуді қамтамасыз ету бойынша шараларды әзірлеуге қатысады; жоғары тұрған басшылық қабылдайтын басқарушылық шешімдерді дайындауды, сондай-ақ олардың іске асырылуын талдауды қамтамасыз етеді; материалдарды дайындауға басқа мемлекеттік органдармен жұмыстың қатысуын (үйлестірілуін) қамтамасыз етеді.; халықты және басқа да мүдделі тараптарды жұмыстарды жүргізуді бастау және аяқтау мерзімдері туралы алдын ала (кемінде 3 күн бұрын) хабардар етуді қамтамасыз етеді, азаматтардың өтініштерін қарауды қамтамасыз етеді не қатысады; жоғары тұрған органдарға ақпарат дайындау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады; сумен жабдықтау, су бұру және газбен жабдықтау бөлігінде бағдарламалық құжаттарда бекітілген нысаналы индикаторларға қол жеткізуді қамтамасыз етеді; коммуналдық қызметтерді жеткізушілердің қызметін үйлестіруді қамтамасыз етеді;; авариялық инженерлік желілерді анықтау бойынша шараларды жүзеге асыруды, инженерлік инфрақұрылымның жай-күйін талдауды қамтамасыз етеді; құрылыстарды, инженерлік коммуникацияларды салу, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, қайта жаңарту және күрделі жөндеу туралы ұсыныстар енгізеді, сондай-ақ Алматы қаласының аумағында сұйытылған мұнай газын өткізу және тұтыну бойынша мәліметтерді уәкілетті органға ұсынуды қамтамасыз етеді. Алматы қаласын сумен жабдықтау, су бұру және газбен жабдықтау мәселелері бойынша қысқа - орта және ұзақ мерзімді перспективаға арналған басқарманың стратегиялық жұмыс жоспарларын әзірлеуді және енгізуді қамтамасыз етеді; "Алматы Су" ҚМКК, "ҚазТрансАймақ" АҚ кәсіпорындарының қызметіне жетекшілік етеді (келісім бойынша); сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады; сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға қатысады; Алматы қаласын сумен жабдықтау, су бұру және газбен жабдықтау мәселелері; ведомстволық қарасты кәсіпорындардың бақылау кеңестеріне қатысады; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді атқарады.

            Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: техникалық ғылымдары мен технологиялар (автоматоматтандыру және басқару және/немесе құрылыс және/немесе мұнайгаз ісі және/немесе жылу энергетикасы және/немесе электр энергетикасы); құқық (құқықтану); әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес (мемлекеттік және жергілікті басқару).

2. Алматы қаласы жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары,       D-О-2 санаты (1 бірлік).

            Функционалдық міндеттері: Басқарманың материалдық-техникалық тұрғыда қамтамасыз етілу мәселесін, жерге орналастыру бөлімі, қаржы жұмыстары бөлімі және жерлерді алып қою және резервке қалдыру  бөлімінің қызметін ұйымдастыру және жалпы басшылыққа алу. Мемлекеттік қызметтің көрсетілуін бақылау. Мақсатты қолданылу жіктеуіші қарастырылған, жерді аймақтарға бөлу жобаларын, Басқарманың стратегиялық жоспарын, Алматы қаласының жерін оңтайлы түрде қолдану бағдарламасы, жобалары және сызбаларын әзірлеуді ұйымдастыру, жер учаскелерін меншіктенуші және жерді пайдаланушыларды, сондай-ақ, басқа жер қатынасы субъектілерін есепке алуды жүргізу мәселесі, жер учаскелері бойынша қағаз және электрондық тасымалдағышта ақпараттық қалалық мәліметтер жинағы базасын құруға үлесін қосу, көпшілік сервитуттерді бекіту және жою, ауылшаруашылық пайдаланылатын жерлерді бір жерден екінші жерге көшіру жөнінде ұсыныс дайындау. Уақытында Алматы қаласының жерлері бойынша жыл сайынғы балансты құру және орталық уәкілетті органға тапсыру. Жерді пайдалану және сақтау мәселесіне қатысты жобалар мен сызбалар бойынша сараптама жүргізу. Қазақстан Республикасының Ауылшаруашылық министрлігімен жылжымайтын мүлікке деген құқығын тіркеу органдарымен өзара қарым-қатынас жасау. Белгіленген түрде қоныстандыру және басқа іздестіру жұмыстарын жүргізетін ұйымдармен, басылымды және электрондық БАҚ-тармен қарым-қатынас жүргізеді. Алматы қаласы Әкімінің және Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасының сайтына орналастырылатын ақпараттардың жаңарып отыруына және іс жүргізу қызметіне бақылау жүргізеді. Басқармаға бөлінген қаражат көздерінің уақытында, толығымен және мақсатты көзделген түрде пайдаланылуын (игерілуін), сондай-ақ, мемлекеттік сатып алу ісінің уақытында әрі сапалы түрде жүргізілуін бақылау. Жерді резервке қалдыру, жер учаскелерін мемлекет мұқтажы  үшін мәжбүрлі түрде алып қою бойынша ұсыныс дайындау, иесіз жер учаскелерін есепке алу. Жер учаскелерінің бөлінетіндігін немесе бөлінбейтіндігін анықтау.

            Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: техникалық ғылымдары мен технологиялар (геодозия және картография); қызметтер (кадастр және/немесе бағалау және/немесе жерге орналастыру); құқық (халықаралық құқық және/немесе құқықтану); әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес (менеджмент және/немесе қаржы және/немесе есеп және аудит және/немесе экономика және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару).

3. Алматы қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары, D-О-2 санаты  (1 бірлік).

            Функционалдық міндеттері: Білім басқармасы жұмысының қысқа, орта және ұзақ мерзімді перспективасындағы стратегиялық жоспарларды әзірлеуге қатысу; қала әкімдігіне және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне талдамдық шолу материалдарын дайындау. Мектептен тыс білім беру ұйымдарының, техникалық және кәсіптік білім ұйымдарының жұмыстарын бақылау мен басқару, оқу орындарын оқу-әдістемелік құралдарымен қамтамасыз ету. Мектеп жасындағы балаларды міндетті оқытумен қамту бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. Қазақстан Республикасының 2016-2019 жж. арналған білім беру мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. Алматы қаласын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламаларын әзірлеу және орындалуына бақылау жасау. Білім басқармасын мемлекеттік органдарда басқалай ұйымдарда орта білім беру ұйымдарының оқу және тәрбие мәселелері бойынша ұсыну. Мемлекеттік емес мектептердің қызметін үйлестіру. Қоғамдық ұйымдармен және саяси партиялармен жұмыстар. Жазатайым жағдайлар мен жол-көлік жарақатының алдын алу. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы күрес, терроризм мен діни экстремизмнің алдын алу мәселелері бойынша Білім басқармасының және бағынысты ұйымдардың жұмысын үйлестіру. Оқушылардың жетістіктерін сыртқы бағалауды (ОЖСБ), қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру. Қатаң есептегі құжаттарды беру мен оқушыларды марапаттауға арналған құжаттармен қамтамасыз ету. Басқарма басшылығымен анықталатын басқалай уәкілеттіктерді жүзеге асыру.  

            Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: техникалық ғылымдары мен технологиялар (автоматоматтандыру және басқару және/немесе құрылыс және/немесе стандарттау  және сертификаттау (салалар бойынша)); білім (құқық және экономика негіздері және/немесе кәсіптік оқыту және/немесе қазақ тілі мен әдебиеті* және/немесе тарих және/немесе физика және/немесе математика және/немесе орыс тілі және әдебиеті және/немесе бастапқы оқыту педагогикасы мен әдістемесі және/немесе информатика және/немесе мектепке дейінгі оқу және тәрбие беру және/немесе педагогика және психология және/немесе музыкалық білім және/немесе қазақ тілі мен әдебиеті және/немесе орыс тілі мен әдебиеті* және/немесе әлеуметтік педагогика және өзін тану және/немесе химия және/немесе өсімдіктану және/немесе шет тілі: екі шет тілдер); құқық (халықаралық құқық және/немесе құқықтану); гуманитарлық ғылымдары (филология және/немесе тарих) саласындағы жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі.

4. Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары,        D-О-2 санаты (1 бірлік).

            Функционалдық міндеттері: ҚР Конституциясы мен Заңдарының, ҚР Президентінің жарлықтары, ҚР Үкіметінің нормативтік құқықтық актілерінің жүзеге асырылуын бақылау; азаматтық бастамаларды қолдау бөлімі, талдау және болжау, әкімшілік-қаржы бөлімдеріне және аудандық аумақтық бөлімдерге өз құзіреттілігі шегінде жетекшілік ету; «Қазақстан-2050» Стратегиясын, Елбасының жыл сайынғы жолдауларын, ақпараттық-аналитикалық, түсіндірме жұмыстары негізінде жасалған реформаларды насихаттауды және түсіндірме жұмыстарын жүргізуді  қамтамасыз ету, ұлттық идеология, мемлекеттік рәміздерді насихаттау саласында тәжірибелік шаралар ұйымдастыру; Басқарма басшысының қарауына қаржы жоспарларын ұсыну және олардың орындалуын қадағалау; мемлекеттік сатып алу жұмыстарын ұйымдастыру және жүзеге асыру; ағымдағы жылды қаржыландырудың бюджеттік жоспарын әзірлеу, бюджеттік қаражатты уақытылы игеру, мемлекеттік органдардың бюджеттік өтінімдері мен бухгалтерлік есептілігінің орындалуын қадағалау; жоғары тұрған органдардың тапсырмалары, құжаттардың уақытылы орындалуына бақылау жасау; қала және аудандардың әкім аппараттарымен, қалалық қызметтің басшылығымен, басқармалар және комитеттердің басшылығымен  өз құзыреттілігі шегінде қарым-қатынас жасау; азаматтарды қабылдау нәтижесінде берілген тапсырмалардың орындалуын бақылау; азаматардан келіп түскен өтініштер және хаттармен жұмыс жүргізуді қамтамасыз ету; Басқарма туралы ережеде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру. Басқарма құжаттарының ҚР «Мемлекеттік тіл туралы» Заңына сәйкес жүргізілуін қадағалау. Мемлекеттік тілді меңгеру.

            Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Білім беру саласындағы (құқық және экономика негіздері, тарих, философия) немесе гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар) немесе құқық саласы (халықаралық құқық, құқықтану, құқық қорғау қызметі) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (менеджмент, қаржы, журналистика, есеп және аудит, саясаттану, экономика, әлеуметтану, аймақтану, әлемдік экономика, қоғаммен байланыс, мемлекеттік және жергілікті басқару) саласындағы жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  1. белгіленген нысан бойынша өтініш (қоса беріліп отыр);
  2. тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік отыз күн ішінде расталған қызметтік тізім.

            Құжаттарды қабылдау мерзімі 3 жұмыс күннің ішінде конкурс өткізу туралы хабарландырудың соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша Аппаратқа тапсырылуы тиіс.

            Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

            Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

            Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Алматы қаласы әкімі аппаратының (Алматы қаласы, Республика алаңы, 4) ғимаратында өтеді.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады.

Конкурстық комиссия жұмысының айқындылығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін отырысқа байқаушылардың қатысуына жол беріледі.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей біріңғай персоналды дамыту қызметіне тіркеледі. Тіркелу үшін тұлға біріңғай персоналды дамыту қызметіне жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

            Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Конкурстық комиссия тарапынан заңсыз фактілер анықталған жағдайда конкурс кандидаттары мен қатысушылары Алматы қаласы, Сейфуллин даңғылы, 555 мекенжайында орналасқан Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментіне 254-90-26, 254-90-20 байланыс телефондары арқылы шағымдануға құқылы.

«Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымдарына орналасу үшін

ЖАДЫНАМА

 

Конкурсқақатысушылар мен кандидаттарқұқылы:

- Құжаттарын (нысандағы өтініш; тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім) хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсыруға. Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірмей ұсынуға.

- Бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды беруге.

- Конкурстың өтетін уақыты және күні туралы ақпаратты электрондық мекен-жайға және ұялы телефонға хабарлама алуға.

- Хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде әңгімелесуден өтуге.

- Әңгімелесу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының өтуіне кедергі келтірмеген жағдайда техникалық жазба құралдарын қолдануға.

- Мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсынан конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімімен танысуға.

- Әңгiмелесудің оң қорытындысын алған жағдайда конкурс нәтижесiмен, ол аяқталғаннан кейiн екі жұмыс күн iшiнде танысуға.

- Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн өткеннен кейін, конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған жағдайда лауазымға қабылдануға, немесе  конкурсқа бір кандидат қатысып, ол конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған жағдайда, ол конкурс комиссиясының қорытынды отырысы өткен күннен бастап тағайындалуға.

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына   
орналасуға конкурс өткізу 
қағидаларына 2-қосымша 

                  ____________________________________
                                                  (мемлекеттік орган)

 

Өтініш

 

      Мені ______________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
___________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу
конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

      Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

      Қоса берілген құжаттар:

________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
      Мекенжайы және байланыс телефоны _________________________________________
________________________________________________________________________________

_________________                                                      ___________________________________
        (қолы)                                                                                       (Т.А.Ә. (болған жағдайда)

 

 

 

 

«___»_______________ 20 __ ж.