Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев азаматтарды қабылдады

11 ақпан 2020 жыл

Кездесуде қала тұрғындары тұрғын үй беру, ПИК жұмысы, жер телімдерін заңдастыру, жұмысқа орналастыру, медициналық қызмет көрсету сапасы бойынша мәселе көтерді.Сондай-ақ, тұрғындар аулаларды абаттандыру, жолдар мен жаяу жүргіншілер жолын жөндеу мәселелерін тілге тиек етті.

Барлық сұрақтарға жауап беріледі. Әрбір жағдай зерделеніп, қала әкімінің бақылауына алынады.