Әл-Фарабидің идеялары мен ойлары уақыт кеңістігінде өзектілігін жоғалтпай, адам игілігіне қызмет етуде

31 қаңтар 2020 жыл

Алматыдағы Ө. Жолдасбеков атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Студенттер сарайында ұлы ғұлама Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойы салтанатты түрде өтті.

 

Бұл жиынға Қазақстанның мемлекеттік хатшысы Қ. Көшербаев, үкімет мүшелері, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев, шетел және Қазақстан ғалымдары, фарабитанушылар, мәдениет қайраткерлері қатысты. Қала басшысы өзінің сөзінде ғалымның еңбектері күні бүгінге дейін өзектілігін жоғалтпағанын атап өтті.

Ғұлама ойшылдың ғылыми еңбектері өмірдің барлық салаларын қамтиды және қазір де өте маңызды.

«Әл-Фараби – ғасырлар қойнауынан тұтастай адамзат баласына үн қатқан биік парасат пен кемел ақылдың иесі болды. Оның айтқан ойлары бүгінгі таңда да әлем­дік ғылымда өзекті және өскелең ұрпақты тәрбиелеу ісінде аса маңызды. Ғұламаның «Даналық жауһарлары», «Ізгі қала тұр­ғында­рының көзқарасы», «Бақытқа жету», «Мемлекеттік қайраткерлердің нақыл сөздері» сияқты еңбектері мыңдаған жыл өтсе де әлі күнге дейін өз мәнін жойған жоқ», - деді қала әкімі Бақытжан Сағынтаев.