Депутаттар Алматыда Абай мүсінінің ашылуы туралы: «Жастар өшпес мұра қалдырған өз батырларын білулері тиіс»

6 ақпан 2020 жыл

Алматыда ағартушы, ойшыл, қазақ даласының ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойы құрметіне орай Абай мүсінінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

 

Салтанатты шараға Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев, мәслихат депутаттары, танымал ақындар, жазушылар, сонымен қатар қала тұрғындары қатысты.

Мүсіннің авторы - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, мүсінші Тілеуберді Бинашев.

Алматы қаласы мәслихатының депутаты Қайрат Құдайберген ойшылдың шығармашылық мұрасының маңыздылығы туралы өз ойымен бөлісті.

«Біз – өз елімізідің патриоттарымыз, ал Абай біз үшін биік тұлға. Ұлы ақыннан артық идеология жоқ. Ең бастысы – Абай Құнанбаев қалдырған өте терең әрі құнды, ақылдың кенішіне айналған ұлы мұра арқылы еліміздің одан әрі гүлдену үстінде. Ол расында да бүкіл болмысымен, барша жүрегімен өз ұлты мен өз халқы үшін жанын ауыртқан адам», - деді мәслихат депутаты.

Қайрат Құдайберген өскелең жас ұрпақты тәрбиелеуде Абай мұрасының маңыздылығын атап өтті.

«Біздің жастарымыз арттарынан өшпес мұра қалдырған нағыз батырлар туралы барынша көп білгендері жөн. Оларды пір тұту қажет. Бабаларымыздың соңынан қалған мұраның ішінен тек үздіктерін таңдауға тиіспіз. Қаламмен жазылғанды балтамен шаба алмайсың. Сондықтан біз аз да болса өз үлесімізді қостық деп ойлаймын. Бұл -біз үшін үлкен құрмет. Игілікті іске атсалысу мен үшін құрмет және бұдан өзге үлгі тұтар іс жоқ», - деді Қайрат Құдайберген.