Бүгін Алматы әкімі Б. Сағынтаев және зиялы қауым өкілдері Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды
10 тамыз 2020 жыл
Бұл рәсім Абайдың туған күніне орайластырылған, енді биылғы жылдан бастап ақынның туған күні аталып өтетін болады.
Салтанатты шараға жазушылар мен ақындар Олжас Сүлейменов, Мұрат Әуезов, Роллан Сейсенбаев, Бақытжан Қанапиянов және басқалары қатысты.
«Абайдың туған күні ресми мереке болып белгіленді. Бұл күн қазақтың мәдениетін, әдебиеті мен поэзиясын бейнелейді. Президент жариялаған ұлы ойшыл және жазушының 175 жылдығы ақынның поэтикалық, философиялық еңбектерінің ғылыми-зерттеу жұмысын жандандырмақ. Абайдың мұрасы әлі зерттелу керек. Бұл ретте Ұлы Абай айтқан принциптер, яғни еңбекқорлық, білімге деген құштарлық, адамзатты сүю мен ой тазалығы туралы пікірлері өзектілігін жоймайды. Абай күні құтты болсын!», - деп жазды Алматы әкімі Б. Сағынтаев Instagram-дағы өзінің парақшасында.
Ақпараттық ресурстар

ҚР Премьер министрі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы

Қазақстан Республикасының Парламенті

Ресми сайт Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы

Стратегия 2050

ҚР дін істері және азаматтық қоғам министрлігі

Ақпараттық қауіпсіздік комитеті