«Абай әлемін таны» атты онлайн-байқау

12 тамыз 2020 жыл

Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры және Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының  қолдауымен «Абай әлемін таны» атты онлайн-байқау басталғаны туралы хабарлайды. Байқау Алматы қаласының 8 ауданының жастары арасында жүзеге асады  арасында.

Байқауға 14-29 жас аралығындағы жастар келесі номинациялар бойынша қатыса алады:

 

1 бөлім: Абай Құнанбаевқа арналған өлең;

2 бөлім: Абай Құнанбаевтың қара сөздерін немесе шығармашылығынан бір өлеңді жатқа айту;

3 бөлім: Абай бейнесін немесе Абай шығармашылығындағы сарындар бойынша сурет салу.

Іс-шара 5-15 тамыз аралығында  Алматы қаласының барлық аудандарында өтеді.

Байқаудың соңғы күні барлық номинациялар бойынша нәтижелер жарияланады.

Байқау аудандық жастар ресурстық орталықтарының Instagram және WhatsApp аккаунттарында өтеді.

Уақыты: 2020 жылдың 5-15 тамыз аралығы;

Ұйымдастырушылар: Алматы қаласының әлеуметтік даму департаменті, Алматы қаласының жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры;

 

Қосымша ақпарат алу үшін қоңырау: 8 (747) 299 3107 – Александра