Алматы әкімі Б. Сағынтаев кәсіптік техникалық білім беру жүйесін дамыту туралы айтты

27 тамыз 2020 жыл

Алматының білім саласы қызметкерлерінің «Алматының білім болашағы: жаңа жағдайдағы перспективалық шешімдер» форумында сөйлеген сөзінде Б. Сағынтаев мегаполистің 39 ЖОО мен 80 колледждерінде 234 мың студенттің, соның ішінде 66 мың колледж студенттерінің білім алатынын хабарлады.

 

Оныңүстіне Қазақстандағы әрбір төртінші студент Алматының ЖОО-да және Қазақстандағы әрбір жетінші студент Алматыдағы кәсіптік білім беру саласында оқитынын атап өткен жөн.

 

«Қала экономикасы ең алдымен кәсіби жұмысшы кадрларына және өңірдің нақтылы салаларына қажет орта мамандарға зәру», - деп атап өтті Б. Сағынтаев.

 

Осыған орай, қала колледждерінде мемлекеттік білім тапсырысы болашақта дамуды ескере отырып, қажетті салаға қарай орналастырылады. Мысалы, ағымдағы жылы мемлекеттік тапсырысты бөлу барысында құрылыс саласына, ақпараттық технология саласына, сонымен қатар шағын және орта бизнестіңқызмет көрсету саласына басымдық беріледі.

 

Кәсіптік техникалық білім берудің басты мақсаты – NEET санатындағы жастардыңүлесін азайту. Бұл колледждер үшін мемлекеттік тапсырысты бөлудің басты шарты болып табылады.

 

ТжКББ, оның ішінде NEET санатындағы жастардың кәсіптік білімге қолжетімділігін арттыру үшін Алматы әкімдігі соңғы 5 жыл ішінде кәсіби мамандарды даярлау үшін мемлекеттік білім тапсырысын 11,2 мың орынға дейін жеткізді.

 

Б. Сағынтаев колледждердің оқу процесіне World skills енгізу жоғары сынып оқшылары арасында кәсіби бағдар мен кәсіптік білім алуды дамытатынын атап өтті.

 

«Бұл міндеттердің барлығын «Жас маман» жобасының тиімділігін арттырып, колледждерге өндірістен жоғары білікті мамандарды тарту, сонымен қатар ЖОО мен колледждерде экожүйені құру арқылы шешуге болады», - деп атап өтті Алматы әкімі.

 

Форумда жаңа жағдайда оқу процесстерін ұйымдастыру мәселесі талқылануда. Оның ішінде кезекші топтарда санитарлыққауіпсіздікті қамтамасыз ету, қашықтан оқуды ұйымдастыру, педагогтарды және мұқтаж оқушыларды компьютерлік техникамен, интернетпен қамтамасыз ету. Сонымен қатар, бала бақшалар мен мектептерде орынмен қамтамасыз етудіңөзекті мәселесі талқылануда.